Видео

Тоқаевтың мәжілістің отырысында сөйлеген сөзі – видео

Жазылу
11 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің жалпы отырысына онлайн-режимде қатысып, әлеуметтік-экономикалық реформалардың топтамасын жариялады
Тоқаев парламентке жаңа премьер-министрді таныстырды. Осы қызметке бұрынғы үкімет басшысының орынбасары Әлихан Смайылов тағайындалды.
Бұдан бөлек, президент халыққа үндеу жолдап, елді дамыту бойынша жаңа бағдарламасын таныстырды.
Мемлекет басшысының негізгі тезистері – байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтықты барынша қысқарту, ішкі істер мен күш құрылымдарының реформасы, халықтың табысын арттыру.
Президент министрлер, әкімдер мен депутаттардың жалақысын көтеруге бес жылға мораторий жариялады.
Сондай-ақ "Қазақстан халқына" қорын құруды ұсынды. 
Тоқаевтың тағы қандай бастама көтергенін видеодан көре аласыз.
Жаңалықтар
0