Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Бүліктен кейінгі Тараз қаласы – тілші түсірген видео

Жазылу
4 қаңтардың таңында Тараз жұртшылығы алаңға жиналды. Кеш батқанда жиналған жұрт қарасы көбейіп, мұның соңы тәртіпсіздікке ұласты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халық алдына шығып, диалогқа шақырды
Алайда облыс басшысы берген ақпарат бойынша, жүздеген жаста қаладағы басты көшелермен жүріп өтіп, тәртіпсіздік пен заңсыздыққа, бұзақылық әрекеттерге жол берген. Соның салдарынан полиция көліктері аударылып, өрт қойылып, облыстық әкімдік пен "Каspi bank" бөлімшесінің ғимаратына зақым келген.
Айта кетері, 5 қаңтарға қараған түннен бастап Таразда WhatsApp, Instagram, Facebook сынды бірқатар әлеуметтік желі жұмысы тоқтатылды. Мобильді интернет жұмысында да ақау байқалды. Бірақ таңда қаладағы тыныс-тіршілік бірқалыпты болды. Қоғамдық көлік қозғалысы тоқтамаған, дүкендер мен басқа да нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұрды. Әйтсе де қала орталығында әскерилер саны көп болды.
Қаңтардың 5-нен 6-на қараған түнде облыстық әкімдік, Nur Otan партиясының Жамбыл облыстық филиалы, Жамбыл облыстық полиция департаменті, Тараз қаласы полиция басқармасы, Тараз қаласы полиция басқармасының №1 полиция бөлімі ғимараттарына өрт қойылды.
Облыстық әкімдік пен полиция өкілдері шоғырланған ғимараттардың тұрағындағы көліктер түгелдей өртелген.
6 қаңтардың таңында ғимараттар бүлікшілерден толық босатылды. Бірақ Nur Otan ғимараты әлі де түтіндеп, бықсып жатты.
Толығырақ Sputnik Қазақстан тілшісі түсірген видеодан біле аласыз.
Жаңалықтар
0