Видео

ҰҚШҰ елдері басшыларының саммиті өтті– видео

Жазылу
Бейнеконференция форматында ҰҚШҰ мемлекет басшыларының қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
Отырыста Қазақстан Республикасындағы жағдай ұйым құрылғаннан бері алғаш рет талқыланды, сондай-ақ елдегі жағдайды тұрақтандыру шаралары сөз болды.
Отырысқа Армения премьер-министрі Никол Пашинян төрағалық етті. Оған мемлекет басшыларынан бөлек, ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась та қатысты.
Кеше ҰҚШҰ елдері қарулы күштерінің бас штабтары ұйымның бірлескен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоровтың төрағалығымен бейне байланыс арқылы Қазақстандағы жағдайды талқылады.
Әскерилер бітімгершілік контингенттер ҰҚШҰ-ға мүше барлық елден жедел түрде жіберілгенін атап өтті. ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің бөлімшелері міндетін орындауға кірісті, олардың негізгілері Қазақстан Республикасының маңызды мемлекеттік және әскери объектілерін күзету болып саналады.
Бүгін елдегі жағдай жоғары деңгейде талқыланды.
Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары не туралы айтқанын видеодан көріңіз.
Жаңалықтар
0