Видео

Түркістан облысында тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт отбасымен қауышты – видео

Жазылу
Түркістан облысының полицейлері тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен жігітті отбасына тапсырды
2012 жылы Түлкібас аудандық полиция басқармасына Арыс қаласындағы балалар үйінің басшылығы арызданып, Түлкібас ауданында лагерьде жүрген 15 жастағы тәрбиеленушісінің із-түссіз жоғалып кеткенін жеткізеді.
Жасөспірім жоғалған соң аудан сақшылары болған жайтты бірден тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарына кірісіп кетеді. Лагерьдің аумағы мен баруы мүмкін жерлердің барлығын шолып шығады. Алайда іздестіру жұмыстары нәтижесіз болады.
Осылайша тоғыз жыл өткен соң жедел уәкілдер жоғалған ер баланы тапты. Криминалдық полиция басқармасының полицейлері оның Келес ауданында мал бағып, күнелтіп жүргенін анықтады. Қазіргі уақытта ол 24 жаста.
Оны полиция бөліміне жеткізген тәртіп сақшылары арнайы психолог мамандарымен сөйлестірді.
Белгілі болғандай, жас жігіт өз еркімен шығып кетіп, ересек адамдар секілді өмір сүргісі келген. Содан соң жалдамалы қойшы болып жұмыс істеп, күнелткен. Тәртіп сақшылары жігіттің туыстарын тауып, қауыштырды.
Жаңалықтар
0