05:58 28 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.38
  • EUR486.33
  • RUB5.52

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер ұрланған бір үйір жылқыны GPS арқылы тапты

Аягөз аудандық полиция бөліміне жайылымда жүрген бір үйір жылқының ұрланғаны туралы арыз түскен. Шығын көлемі – 60 миллион теңге, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты. 

Полицейлер бірден іздеу шараларына кірісті. Ал мал иесі бірнеше жылқыға GPS құрылғысын орнатқанын жеткізді. Сол арқылы малдың қайда жүргенін онлайн режимде бақылауға болады. Полицейлер ұялы телефонға орнатылған мобильді қосымшаның көмегімен малды да, оны ұрлаған күдіктіні де ұстады. 

"Ұрлық жасаған Үржар ауданының 47 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 4-бөлігі (Аса ірі көлемде жасалған мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бапта 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Кілт сөздер:
жылқы, видео
Загрузка...

Басты тақырып