Видео

Қазақстан балетінің жұлдызы жанған 30 жыл – министрлік видео жариялады

Жазылу
Өткен ғасырдың 30-шы жылдары қазақ жерінде музыкалық студияда тұңғыш рет балет пайда болды. Ал 1938 жылы сахналанған Великановтың "Қалқаман-Мамыр" спектаклі алғашқы ұлттық балет саналады
Ондаған жыл өткен соң қазақ хореографиясы жоғары деңгейге жетіп, бүгінде Қазақстан балетінің жылнамасында Дәурен Әбіров, Зәуірбек Райбаев, Рамазан Бапов, Болат Аюханов, Сара Көшербаева, Эдуард Мальбековтің және т.б. есімдері жазылған.
90 жылдардың басында қазақ балеті Кеңес балетінің құрамынан тұрақты орын алды. Республиканың бас музыкалық театрында кәсіби балет труппасы болды. Ал оның сахнасында классикалық мұра саналатын барлық спектакль көрсетілді. 
ХХІ ғасыр Қазақстандағы балет өнерінің дамуындағы жаңа белес. Осы уақыттан бастап сахнаға тәуелсіз заманда қалыптасқан әртістер шықты.
Қазақстан балетінің тарихымен Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған видеодан толығырақ таныса аласыз.
Жаңалықтар
0