Видео

Арнаулы қызмет туралы кітаптардың тұсаукесері өткізілді – видео

Жазылу
Осы кітаптардың әрқайсысында мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Отан шептерін қорғауға үлес қосқан және бүгінгі күнге дейін үлес қосып келе жатқан кейіпкерлер ұсынылған
Қазақстан nәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында елордада және еліміздің барлық өңірлерінде "Отандық арнаулы қызметтің хроникалары. Адамдар, оқиғалар, фактілер туралы хикаялар" және "Мемлекеттік шекара" кітаптарының тұсаукесері өткізілді.
Салтанатты іс-шараға ҰҚК-нің басшы және жеке құрамы, ардагерлері, кітаптардың тікелей кейіпкерлері және шақырылған қонақтар қатысты. Алғыс хаттарды, ведомстволық наградаларды және жарыққа шыққан кітаптарды тапсыру рәсімдері өткізілді, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Осы кітаптардың әрқайсысында әртүрлі оқиғалар сипатталып, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Отанымыздың шептерін қорғауға баға жетпес үлес қосқан және бүгінгі күнге дейін үлес қосып келе жатқан кейіпкерлер ұсынылған.
Өкінішке қарай, олардың ішінде жекелеген адамдар өздерінің қызметтік борышын атқару жолында жан тапсырды.
Жаңалықтар
0