Видео

"Танымал болдық": Жолжақсынов цирк өнерінің дамуына Елбасының қосқан үлесі жайлы айтты

Жазылу
"Астаналық цирк" бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерік Жолжақсынов цирк өнерінің дамуы елбасының мәдениет саласына көңіл бөлгенінің нәтижесі екенін атап өтті

"Тұңғыш Президентіміз Астаналық цирк ғимаратын 2005 жылы ашты. Содан бері танымалдығымыз артып, әлемге өзімізді мойындатып келеміз. Қазақ циркі әртістерінің өнері дамып, әлемге паш етіп жатқанымыз елбасының мәдениет саласына көңіл бөлгенінің нәтижесі. Елбасының қолдауымен бізде "Азия жаңғырығы" атты фестиваль ашылды. Әлемге танымал болдық. Бүкіл әлемнен астанамызға келіп, "Азия жаңғырығы" фестиваліне қатысты. Әрине өнер болғаннан кейін бір орында тұрмауымыз керек. Біз сабақтасып, қарым-қатынаста шығармашылық тұрғыда ұмтылуымыз керек", - деді "Астаналық цирк" МКҚК бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерік Жолжақсынов.

Ол сөзін жалғай отырып, қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен құттықтады.

"Халқымызды, әсіресе өнер саласында жүрген әріптестерімізді, Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс тілеймін!", - деді Ерік Жолжақсынов.

Оқи отырыңыз: "Тәуелсіз еліміз құтты болсын!" флешмобын мемлекеттік күзет қызметі жалғастырды

Жаңалықтар
0