Мысалы, адам тәрізді робот Қытайдың Далянь қаласындағы ковид сынақ орталығының кіреберісінде келушілерді қарсы алып жүр.
Механикалық медицина қызметкері ковид орталығына тестілеуге келушілерді күлімсіреп қарсы алады, оларға кеңес береді және анализ қабылдау пунктіне апаратын жолды көрсетеді.
COVID-19 індетінің таралуы сервистік роботтарды медицина саласына мүмкіндігінше тезірек енгізуге себеп болды.
Қытайда коронавирусты анықтау үшін тамақтан жағынды алып, видео байланыс арқылы адамдардың жағдайын бақылайтын және пациенттерге дәрі-дәрмек жеткізуге көмектесетін роботтар көбірек жасалып, енгізіліп жатыр.
Роботтарға көп міндет жүктелген. Осылайша Қытай медицина қызметкерлерін инфекция жұқтыру қаупінен қорғап отыр.
Видеода осындай робот көмекшілердің бірі көрсетілген.