Видео

Альбиностар арасындағы сұлулық байқауы қалай өтті – видео

Жазылу
Оңтүстік Африка республикасында альбиностар арасындағы алғаш сұлулық байқауы өтті. Шараның мақсаты - генетикалық ерекшелігі бар адамдарды кемсіту мәселесіне қоғам назарын аудару

Көптеген африкалық елде альбинизмі бар адамдарды кемсіту, зорлық-зомбылық көрсету мәселесі өзекті.

Оларды жиі ұрлап, өлтіріп, қара нарықта мәйітін сатады.

Сондықтан байқау ұйымдастырушылары африкалықтардың альбиностарға деген қарым-қатынасын өзгертуді көздеп отыр. 

"Бұл өте маңызды бастама. Осындай адамдарды өлтіретіндерге айтарымыз: "Бізде де сол ген болуы мүмкін", - деді байқау ұйымдастырушысы Годфри Мфатсве.

Альбинизм — тұқым қуалайтын дерт, адамда толықтай немесе аздап меланин пигменті болмайды.

Ерекше адамдар арасындағы байқау қалай өткенін видеодан көре аласыз. 

Жаңалықтар
0