Видео

Елорданың шұғылалы таңы: түрлі-түсті көріністің әсерлі видеосы

Жазылу
Кез келген мегаполис секілді Қазақстан астанасында да қызу тіршілік қайнап жатыр. Нұр-Сұлтан тұрғындарының әрқайсысы таң атысымен жұмысқа немесе жеке шаруаларын тындыруға асығады

Sputnik Қазақстан тілшісі Владислав Воднев күнделікті күйбең тірлікті бір сәтке ысыра тұрып, Нұр-Сұлтан төбесіне көтерілген күннен қуат алып, осы әдемі көріністі тамашалауға шақырады.

Астанаға келген әрбір адам күн батуының көрінісі таңғажайып екенін айтады. Бұл рас. Ақшаң бұлттар мен аспанды алып жатқан күннің қызғылт шұғыласы шынымен де ерекше.

Ал Владислав Воднев Қазақстанның бас қаласындағы таң сәрі де таңғажайып екеніне сенімді және ол бұл тамаша көріністі камераға түсіріп алды.

Арайлап атқан таңды видеодан тамашалаңыз!

Жаңалықтар
0