18:08 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Видео

Дәрігерлер Лукашенкоға маска тағуды үйретті – видео

Қысқа сілтеме алу
50 0 0
© Sputnik

Беларусь елінің Лида қаласында орталық аудандық ауруханаға барған кезде президент Александр Лукашенкодан маска киюді сұрады. Ол өзінің наразылығын білдіріп, қолына антисептик себе бастады

Лида орталық аудандық ауруханасына барған кезде Беларусь президенті бетперде киюге келісті, бірақ ол мұны дұрыс жасаған жоқ, деп хабарлайды Sputnik Беларусь.

Дәрігерлер мемлекет басшысына оны қалай дұрыс тағу керектігін көрсетті. Ал Гродно облысының губернаторы Владимир Караник мұрын тұсында масканың үстінен басуға кеңес берді.

"Өзің губернатор болғанға дейін өмір бойы маскасыз жүрдің", - деді оған наразы болған Лукашенко.

Бұдан соң оған қолға антисептик жағу керек екені айтылды. Ол дәрігерлерден ыдысты алып қойып, қолына антисептик себе бастады.

"Әкел, қолыма себейін! Бәріне септім. Қайда барайын енді?", - деді Беларусь елінің президенті.

Бұдан соң ол коронавирус жұқтырған пациенттерге арналған жансақтау бөліміне барды.

Медицина қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде Лукашенко бетіндегі масканы түсіріп тастады. Алайда оған бетпердені дұрыс тағу керектігі ескертілді. 

"Қызыл" аймаққа барған кезде Лукашенко ғана қорғаныс киімсіз болған.

Тақырып бойынша

Лукашенко Тоқаев туралы ойын айтты
Лукашенконың автомат ұстап жүрген видеосы таралып жатыр
"Көбірек отырып қалдым": Лукашенко Ресей журналистеріне сұхбат берді
Лукашенко Тоқаевпен не үшін кездескісі келетінін айтты
Лукашенко Беларусьте әскери төңкерісті кім дайындағанын айтты – видео
Кілт сөздер:
Александр Лукашенко, видео
Загрузка...

Басты тақырып