Видео

Нұр-Сұлтанда театр фестивалі "Қыз Жібек" операсымен ашылады – видео

Жазылу
28 қазанда елордада "TEATR ALL Nur-Sultan Week" халықаралық фестивалі басталады. Театр апталығының салтанатты ашылу рәсімі "Астана Опера" театрында өтеді

Ресми бөлім "Астана Опера" әртістерінің орындауындағы "Қыз Жібек" операсымен жалғасады, деп хабарлады астаналық әкімдік сайты.

Жаңа музыкалық редакцияның авторы - қоюшы дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.

Дирижері - Руслан Баймурзин, ал қоюшы – режиссер - Михаил Панджавидзе. Қойылымды қоюшылар ұлттық классиканың жаңа қырын ұсынады. 3D-технологияны пайдаланудың арқасында "Қыз Жібек" халықтық лиро-эпостық поэмасы көрерменнің көз алдында жандана түседі: проекцияда көрсетілген керуен қозғалысы күтпеген жерден сахнада, тірі жылқылар мен түйелердің қатысуымен жалғасады. 

"Nur-Sultan Theatre week" халықаралық фестивалінің ашылуы - еліміздің мәдени өміріндегі үлкен оқиға. Театр апталығы аясында 11 ұжым 20-дан астам қойылым көрсетеді. Бұл тамаша фестиваль "Астана Опера" театры сахнасында өтетіні біз үшін үлкен құрмет. Театрымыздың шығармашылық ұжымы аты аңызға айналған "Қыз Жібек" операсының ауқымды қойылымын ұсынады", - деді "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедьяров.

Спектакльдер кестесі мен фестиваль туралы басқа да ақпаратты www.visitnursultan.kz. сайтынан алуға болады.

Жаңалықтар
0