Видео

Әкімдік балықшылар үшін жақсы жаңалықты жариялады – видео

Жазылу
Шараның негізгі мақсаты - жергілікті биологиялық әртүрлілікті сақтау, экожүйені жақсарту және спорттық-әуесқой балық аулауды дамыту

Нұр-Сұлтанда Қоянды су қоймасына мыңдаған балық жіберілді.

"Осы шараның негізгі мақсаты - жергілікті биологиялық әртүрлілікті сақтау, экожүйені жақсарту және спорттық-әуесқой балық аулауды дамыту", - делінген қалалық әкімдік сайтында.

Жақында Жамбыл балық питомнигінің инкубациялық цехтарында өсірілген ақ амур, тұқы мен мөңкенің 90 647 мың данасы Қоянды су қоймасына жіберілді.

Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Жанар Бескемпірованың айтуынша, балық арнайы жабдықталған автомобильдермен тасымалданады.

"Ақ амур көбінесе "шөп тұқы" немесе "табиғи мелиоратор" деп аталады және ол шынымен тұқы тұқымдасына жатады. Ол жоғары өсу қарқынымен сипатталады - жыл сайын шамамен 10 см. Үлкен балықтардың ұзындығы 1 м 20 см, салмағы 30-32 кг жетеді. Ақ амур шөпқоректі, сулы және жер үсті өсімдіктерімен қоректенеді. Егер тоғанда шөп жеткіліксіз болса, ол арнайы суға тасталады. Жас түрі қан құрттары мен шаян тәрізділермен қоректенеді, ал өскен соң өсімдік жеміне ауысады", - дейді Бескемпірова.

Тұқы - арасында үлкен сұранысқа ие тұщы су балығы. Бұл балық көп қоректенеді және тез өседі. Тұқы - бұл сазанның төзімді әрі тұқым көп беретін түрі.

Осы жолы балықтарды жіберу жұмысын "Жас Нұр" өндірістік-шаруашылық кәсіпорны атқарды.

Жаңалықтар
0