18:15 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Видео

Халық санағы: елордалық еріктілер үй-үйді аралауға шықты - видео

Қысқа сілтеме алу
68 0 0

Екі күн ішінде елордалық еріктілер халық санағы туралы екі мыңнан астам ақпараттық буклеттер таратты. Олар үйлерді жаппай аралауға белсенді қатысады 

"Astana Jastary" еріктілері алдағы екі аптада үйлерді аралау қарқынын арттыруға ниетті. Оқушылар мен студенттер буклеттерді Нұр-Сұлтанның барлық төрт ауданында, сондай-ақ Үркер-Ильинка тұрғын алабында, "Пригородный", "Оңтүстік-Шығыс" және "Шұбар" шағын аудандарында таратуды жоспарлап отыр.

"Біздің іс-шара елордалық статистика департаментімен бірлесіп өтуде. Бұл акцияның ерекшелігі - біз азаматтарға санақ туралы ақпаратты тікелей үйден алуға мүмкіндік береміз. Буклеттерде интервьюер қандай күндері келеді және онлайн форматта халық санағынан қалай өту керектігі жазылған. Еріктілердің міндеті - адамдар жобаның маңыздылығын түсінуі үшін ақпаратты жеткізу", - деді ерікті Дамир Айтымов.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қазаннан бастап Қазақстанда онлайн санақ науқаны аяқталды. 45 күн ішінде 39,6% немесе 7 527 458 адам қамтылды. Сұхбат алушылардан 3 миллион 792 мыңнан астам адам сұралды. Жалпы санақтан халықтың 60% өтті.

Интервьюерлердің үйлерді офлайн аралау жұмыстары 30 қазанға дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз: 

 

Тақырып бойынша

Әрқайсысы 700 мың теңге берген: танымал блогердің үстінен арыз түсіп жатыр - видео
Назарбаев бұрын-соңды ешкімге айтпаған сырын бөлісті – видео
Жуырда қызметінен кеткен Серік Сәпиев жаңа жұмысы туралы айтты – видео
Министрлік өрт сөндіруші мамандығы туралы "Бебеу" мультфильмін жарыққа шығарды - видео
Кілт сөздер:
халық санағы, Нұр-Сұлтан, еріктілер, видео
Загрузка...

Басты тақырып