Видео

Тарихқа енген күн: 24 жыл бұрын Ақмола астана болып жарияланды – архивтегі видео

Жазылу
24 жыл бұрын 20 қазанда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ақмоланы Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" жарлығы жарық көрді. "Нұр Отан" партиясы осы айтулы датаға арналған тарихи кадрларды өз Facebook парақшасында жариялады

Ресми түрде қала 1997 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстанның астанасы атанды.

Бірақ Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімді біраз уақыт бұрын, яғни 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылдады.

1997 жылдың 20 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақмоланы еліміздің бас қаласы ретінде жариялау туралы жарлығы жарық көрді.

Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: маңызды оқиғалардың хронологиясы - видео

1997 жылдың 8 қарашасында республиканың мемлекеттік рәміздерінің эталондары Ақмолаға жеткізілді.

Осы күндері президент әкімшілігі, үкімет, министрліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің бірінші тобы жаңа астанаға келді.

Бір айдан кейін, 10 желтоқсанда Ақмола ресми түрде астана атанған шақта, мемлекет басшысы, республикадағы үкімет мен парламент басшылары халыққа арналған үндеуге қол қойып, ол құжат баспасөзде жарияланды.

Ол үндеуде Қазақстанның жаңа орталығында еліміз үшін маңызды әрі ауқымды шешімдер қалбылданатыны айтылған.

"Қиындықтар болды": Ильин елорданың қалай салынғанын еске алды

Президенттің 1998 жылдың 6 мамырындағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгерді, ал 10 маусымда республиканың жаңа астанасының халықаралық тұсаукесері өтті.

Қазіргі уақытта қала Нұр-Сұлтан деп аталады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордаға Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы ұсыныс жасады.

Конституцияда Астананы Нұр-Сұлтанға ауыстыру туралы заңға 2019 жылдың 23 наурызында қол қойылды.

Мемлекет тарихындағы маңызды кезең болып табылатын сол жылдардағы архивті кадрларды видеодан көріңіз.

Жаңалықтар
0