Видео

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу рәсімі – видео

Жазылу
Грекияның Пелопоннес түбегіндегі Ежелгі Олимпияда 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы ойындардың Олимпиада алауы жағылды. Рәсімді видеодан көріңіз

Олимпиада алауын жағу рәсімі Грекия президенті Катерина Сакелларопулу мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың қатысуымен өтеді. COVID-19 пандемиясына байланысты іс-шара  көрерменсіз ұйымдастырылды.

Алғашқы алау көтеруші грек шаңғышысы Яннис Иоаннис Антониу болады. Биыл Олимпиадалық алау эстафетасы қысқартылады, оған барлығы үш алаушы-екі грек спортшысы және бір қытай спортшысы қатысады.

Олимпиадалық алау эстафетасын ойындардың отаны - Ежелгі Олимпияда бастау дәстүрі 1936 жылы қаланды. Дәл осы жерде қысқы және жазғы олимпиадалардың алауы жағылады.

Олимпиадалық алау жағылғаннан кейін шағын театрландырылған қойылым өтеді. Толығырақ видеодан көріңіз.

Жаңалықтар
0