Видео

Спорттың 11 түрі бар: астаналықтар ашық ауада тегін жаттыға алады – видео

Жазылу
Жаттығу алты саябақта және екі алаңда аптасына үш рет тегін өткізіледі. Жоба жайлы толығырақ видеодан көре аласыз

Елордада "Қолжетімді спорт" жобасы бастау алды. Оның аясында астаналықтар спорттың 11 түрі бойынша ашық ауада жаттығуларға қатыса алады. Сабақтарды білікті жаттықтырушылар тегін өткізеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жоба мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының міндеттерін жүзеге асыруға сәйкес, қалалық әкімдіктің қолдауымен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен жүзеге асырылуда.

"Негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту. Жаттығу алты саябақта және екі алаңда өтеді. Аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін қатысуға болады. Барлығы тегін өткізіледі. Жоба осы жылдың соңына дейін жалғасады. Қыста фитнес сабақтар қысқы спорт түрлеріне – шаңғы және коньки тебуге ауыстырылады", – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының спорт бөлімінің басшысы Еділ Айтбаев.

Ашық жаттығулар қала тұрғындары арасында, балалардан бастап қарт адамдарға дейін қызығушылыққа ие.  

Жоба туралы толық ақпарат алу үшін Instagram әлеуметтік желісіндегі @Dostupnyi_sportkz парақшасына кіруге болады.

 

Жаңалықтар
0