04:32 05 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Видео

Минскте ТМД елдері басшыларының кеңесі өтті - видео

Қысқа сілтеме алу
44 0 0

ТМД елдерінің басшылары Беларусь президентінің төрағалығымен бейнебайланыс форматында өткен кеңеске қатысты

Минскте бейнебайланыс форматында ТМД елдері басшыларының кеңесі өтті.

Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің басшылары, сондай-ақ Молдованың Премьер-министрі мен ТМД Атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысты.

Кеңестің күн тәртібінде ұйым шеңберінде ынтымақтастықты дамыту мен алдағы жоспарлар талқыланды. Және гуманитарлық, құқыққорғау, көші-қон саласындағы мәселелер қаралды.

ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 30 жылдығына байланысты мәлімдемеге және ұйымды одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың ТМД елдерінің халық шығармашылығы мен мәдени мұрасының жылы деп жарияланғанын еске салды. Атаулы жыл аясында 100-ге жуық шара өткізу жоспарланған.  

Сондай-ақ Молдваның Комрат қаласының 2023 жылы Достастық елдерінің мәдени астанасы болып таңдалды.

Президент геосаяси қайшылықтардың күшейіп келе жатқанына, әлемдік экономиканың құбылмалы болуына, гуманитарлық және экологиялық проблемаларға және пандемияның орасан зор шығын келтіргеніне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев осы сын-қатерлерді жойып, одан әрі дамуды қамтамасыз ету үшін күш жұмылдыруға шақырып,  бірқатар нақты шараларды ұсынды.

Толығырағақ видеодан көріңіз.

Оқи отырыңыз: 

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтан тұрғыны екі жасар сәбиді тонап кетті – видео
Таразда бір топ адам төбелесті – видео
Елордадағы "Динамо" аула клубында тағы үш секция ашылады – видео
"Жарайсың, бауырым": Мұсағалиев қазақша әнін жариялады – видео
Кілт сөздер:
ТМД елдері, президенттер жиыны, Беларусь, видео
Загрузка...

Басты тақырып