Видео

Елордадағы "Динамо" аула клубында тағы үш секция ашылады – видео

Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласындағы "Динамо" аула клубында шахмат, баскетбол және шағын футбол секцияларын ашу жоспарланып отыр

"Бізде қазір 100-ден астам бала жаттығып жүр. Жаттықтырушыларымыз өте беделді, есімі елге танымал. Мысалға қазақ күресінің бапкері Ғани Сергебаев "Қазақстан барысы" жарысында 3-орын алған. Ол самбодан, қазақ күресінен халықаралық спорт шебері", - дейді "Динамо" дене шынықтыру, спорт қоғамы төрағасының орынбасары Болат Әбілдинов.

Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, "Аула клубтары" әлеуметтік жобасы елордада 2015 жылдан бастап жүзеге асырылып жатыр. Спорттық және шығармашылық секциялардың бәрі тегін жұмыс істейді. Тәрбиеленушілердің жас санаты - 7-29 жас аралығында.

 Айта кетері, Нұр-Сұлтанда "Қолжетімді спорт" атты жаңа жоба бастау алды. Жоба қала тұрғындарын спорттың 11 түріне үйретеді, онда 8 жерде 84 нұсқаушы сабақ өткізеді.

Жаңалықтар
0