Видео

Шығармашылық пен шабыт: елордада "Jastar jalyny" фестивалі басталды – видео

Жазылу
Елордада "Jastar jalyny – 2021" шығармашыл жастар фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Жалынды жастардың шығармашылығын видеодан тамашалаңыз

Нұр-Сұлтан қаласында қала бойынша дарынды әрі шығармашыл жастардың басын қосатын "Jastar jalyny – 2021" фестивалі басталды. Мұнда қаланың жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған 15 команда 10 номинация бойынша бақ сынайды.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, биылғы фестиваль ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Оны Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Қазақстанның жастар фракциясы ұйымдастырды.

"Біз "Jastar jalyny" фестивалін жыл басынан бері өткізуді жоспарладық. Алайда пандемияға байланысты оны кейінге қалдыруға тура келді. Қазірдің өзінде карантинге байланысты көп адам жинай алмадық. Басты мақсатымыз – елорданың шығармашылық жастарын таныту, сондай-ақ дарынды жастарға қолдау көрсету", - деді елорданың жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Байқау 10 номинация бойынша өткізіледі. Оның ішінде эстрада, ұлттық би, заманауи би, музыкалық аспаптар, айтыс, поэзия, медиа, театр, сурет салу сайысы бар.

"Студенттер белсенді дайындалып жатыр. Бұл дайындықтың нәтижесі оң болады деп үміттенеміз. ЕҰУ 10 номинация бойынша байқауға қатысуға өтінім берді", - деді Еуразия ұлттық университетінің Jastar департаментінің директоры Жамбыл Тілепов.

Фестиваль 18 қазанға дейін жалғасады.

Жаңалықтар
0