Ресей тарапынан көрші елде АЭС салуға деген қызығушылық бар ма? Бұл жобаның құны қанша болуы мүмкін? Станцияның орны қалай таңдалады? Бұл туралы Sputnik Қазақстан сайтына берген сұхбатында Ресей Федерациясының энергетика және қаржы институтының бас сарапшысы Сергей Кондратьев жауап берді.
"Егер "Росатом" корпорациясының жобалық қуатына келер болсақ, ол жылына екі-үш энергоблок тұрғызуға қауқарлы. Ал елдің ішкі нарығындағы сұраныс жылына бір энергоблоктан төмен. Сондықтан "Росатом" шетелмен келісімшарт жасауға тырысады. Еуропа, азия нарығында белсенділігін арттырады. Сол тұрғыдан Ресейдің Қазақстанда АЭС салуға қызығушылығы бар", - дейді ол.
Сарапшы "Росатомның" басқа компанияларға қарағанда артықшылығын да атап өтті.
"Біріншіден, "Росатом" энергоблок құрылысына қажетті қаржыны қарызға беру тәжірибесін қолданады. Қаржыны әдетте Ресей Федерациясы береді. Бұл сома жобаның 70-90 процентін жабады. Және қаражат жеңілдетілген мөлшерлемемен беріледі", - дейді сарапшы.
Ол тағы бір артықшылық ретінде Ресейдің АЭС салудағы тәжрибесі бар ел екенін атап өтті.
Сұхбаттың толық нұсқасын видеодан көріңіз.