Оның айтуынша, бұл ерекше әдіс қоғамдық орындарға кіру мәселесін айтарлықтай жеңілдетеді.
"Жалпы, мен киім-кешекті түрлендіргенді ұнатамын. Бұл жолы неге вакциналау паспортын жасамасқа деген ой келді. Біріншіден, өте әдемі көрінеді, мен оны үлкен етіп жасағым келді. Алайда бұдан үлкен принтер табылмады", - деді Ыдырыс.
Айта кетері, бүгінде сауда және ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, шаштараздарға және басқа да қоғамдық орындарға кіру үшін Ashyq жүйесіндегі статусыңызды растауыңыз керек.
Диананың айтуынша, оның бастамасын барлығы бірдей қолдай бермейді – оны әлеуметтік желідегі парақшасында сынағандар көп болды. Дегенмен ерекше идеяны қолдағандар да аз емес.
"Дәрігердің жанынан өтіп бара жатыр едім, ол: "О, керемет! Керемет ойлап табылған деді!", - дейді қыз.
Ыдырыстың айтуынша, вакциналау паспорты күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналып кеткендіктен барлық жаңалыққа шығып кетемін деп ойламаған.