Видео

Су-30СМ ұшағы "жаудың" командалық бөлімшесін жойды - видео

Жазылу
Сценарий бойынша әскери машиналар шартты жаудың командалық бөлімшесін жойып, оның бронитехникасын талқандауға тиіс болды

Ресейлік Су-30СМ жойғыш ұшағы Калининград ауданында оқу-жаттығу өткізді. Тапсырманы орындауға 10 экипаж аттанды. Алдымен ұшқыштар әуеден барлау жасап, "жаудың" орналасқан жерін тапты. Содан кейін бомба тастап, авиациялық зеңбіректерден оқ жаудырды. 

Шартты жаудың рөлін Су-24 бомбардирі, Ми-8, Ми-24, Ка-27 тікұшақтары мен көп бағытты Су-30СМ жойғыш ұшағы атқарды.

Олар радиоэлектронды басып-жаншудың барлық құралдарын пайдаланып, барынша қарсыласты. Алайда теңіз авиациясы барлығына төтеп берді. 

Су-30СМ жойғыш ұшағының жеңісті сәтін видеодан тамашалаңыз.

Жаңалықтар
0