Видео

Неолит дәуірінің көшірмесі: тарихшы құрал жасауда ежелгі технологияны қолданады - видео

Жазылу
Әзірбайжандық тарихшы Аждар Бабазаде ежелгі технологияларды жаңғыртумен айналысады. Ол миллиондағын жыл бұрын қолданылған еңбек құралдарының көшірмесін жасайды

Осыдан үш жыл бұрын Аждар Бабазаде әзірбайжандық Археология және этнография ғылымдар академиясына жұмысқа тұрды. Тарихшы сирек бағыт – экспериментальді археологияны жандандыруды қолға алды.

Ол тас ғасырдағы технологияны іс жүзінде пайдаланып, неандертальдықтар қолданған еңбек құралдарының көшірмесін жасады.

Өз ісі туралы сөз қозғаған тарихшы танымал технологиялар мен әдістерді пайдаланатынын айтқан. Сонымен қатар шетелдің археолог-сынақшылармен кеңесетінін атап өтті.

"Егер тас құралдарды жасау хронологиясына қарайтын болсақ, үш миллион жыл бұрын гоминидтер мен австролопитектер тобы оларды өзен тасынан жасағанын көруге болады. Кейін олар құралды базальт және өзге де кварцтың түрін қолданып жасай бастады", - дейді ғалым.

Бабазаде жасаған кейбір құрал түрлері Археология және этнография институтының археологиялық қорында сақталған.

Ежелгі құралдар технологиясын жандандырып жүрген тарихшының еңбегі туралы видеодан көріңіз.

Жаңалықтар
0