Видео

 Эмомали Рахмон президенттерді "жеміс сарайымен" таңғалдырды

Жазылу
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше елдердің басшылары мен құрметті қонақтарының құрметіне бейресми банкет ұйымдастырды

Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, резиденцияның бір бұрышында өткен банкет "жылы атмосфераның арқасында достық кешіне айналды".

Тәжікстан басшысының баспасөз қызметі жариялаған видеода бір күн бұрын Душанбеге келген мемлекет басшыларының серуендеп жүрген сәті түсірілген.

Мұнда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті.

Беларусь президенті Александр Лукашенко, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Пәкістан премьер-министрі Имран Хан және басқа да қонақтар Эмомалио Рахмонмен бірге резиденцияда кешкі серуенге шықты.

Жаңалықтар
0