Видео

"Шекара-2021": ұйым әскерилері шартты жауды жеңді - видео

Жазылу
Оқу-жаттығулар ҰҚШҰ Орталық Азия өңірі ұжымдық қауіпсіздігінің Жылдам өрістету ұжымдық күштерімен (ОАӨ ЖӨҰК) бірлесіп өткізілді және ол "Шекара-2021" деп аталды

Әрбір бөлімше алдында күрделі міндет тұрды. Оларды орындау үшін бір ғана қазақстандық әскерилерге 30-дан астам кіріспе әрекет орындау керек болды.

Оқу-жаттығулар аңызы бойынша автомобиль мінген қарулы жауынгерлердің алдыңғы шептегі жасақтары елді мекенді басып алу, тірек лагерін құру және өңірдегі жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында диверсиялық әрекеттер орындау үшін мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті.

Лукашенко Тоқаев туралы ойын айтты

Заңсыз қарулы құрылымдардың жауынгерлік топтары мен жасақтарын бұғаттау және көзін жою бойынша операциялар жүргізуді мақсат тұтқан Ұлттық қауіпсіздік шарт ұйымына қатысушы мемлекеттердің біріккен әскери құрылымдары оларға қарсы тұрды.

Пилотсыз ұшатын ұшу аппараттары әуеден барлау жүргізіп, деректі әріптестерге ұсынды. Пикаппен қозғалып отырған заңсыз қарулы құрылымдар жауынгерлерінің шартты тобына Қазақстан Республикасы Қарулы күгтері Су-30СМ буыны зымыран-бомбалы соққыны дәл тигізді. Шартты қарсылас топқа бөлініп, жасырынбақ болды. Бірақ қақтығысқа артиллерия араласып, қарсыластың жік-жікке бөлінген топтарын іздеу, бұғатау және көзін жоюмен автомобиль және броньді техникаме немесе тікұшақпен жеткен десанттық топтар айналысты.

Тоқаев ҰҚШҰ-дағы әріптестерімен Ауғанстандағы жағдайды талқылады

Қырғыз Республикасында аккредиттелген Түркия Республикасы, Ресей Федерациясы, АҚШ, Қазақстан Республикасы, Үндістан, Ұлыбритания, Германия Федеративтік Республикасы, Франция, Жапонияның әскери атташелері және халықаралық ұйым өкілдері оқу-жаттығудың соңғы кезеңіндегі терроризмге қарсы бірлескен операцияның өтуін тамашалады.

ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы генерал-полковник Анатолий Сидоров бөлімшелердің кәсіби дайындық деңгейі мен іс-әрекетін үйлестіруді жоғары бағалады.

Жаңалықтар
0