Видео

Ерекше достық: теңбілше мен күшік бір-біріне көмектесіп жүр – видео

Жазылу
Фортис атты кішкентай теңбілше (арыстанның күшігі) қиын жағдайға тап болды – оның артқы аяғына операция жасалды

Иркутск хайуанаттар галереясында өмір сүретін жануарға лабрадор тұқымдас күшік көмектесіп жүр.

Фортистің денсаулығы күрт нашарлағанда төрт айға да толмаған еді – ол туған кезде аяғын жарақаттап алған. Теңбілшеге шұғыл көмек қажет болды.  

Иркутск питомнигінде күрделі ота жасалды, ал операциядан кейін оған хайуанаттар галереясының қызметкері күтім жасады.

Оларға бөлек пәтер берілді. Қызметкерлер теңбілшеге адал дос – Эльза атты лабрадор күшігін тауып берді.

Қазір арыстанның баласы оңалып келеді, Эльзамен және хайуанаттар бағының қызметкерлерімен ойнайды, ал үзіліс кезінде сүт ішіп, ет жейді.

Жаңалықтар
0