Видео

Қазақстандық әскерилер халықаралық байқауда қандай нәтиже көрсетті - видео

Жазылу
Қазақстан жалпыкомандалық есепте 42 ел ішінде алтыншы орынға табан тіреді. Біздің әскерилер 34 байқаудың тек он біріне қатысқанына қарамастан, әр сайыста жүлделі орындарға ие болды

Құрама қоржынында – екі алтын, күміс және сегіз қола медаль. Жамбыл облысының Мәтібұлақ полигонындағы "Сұңқарлар жорығы", "Артиллериялық оқтың шеберлері" жарыстарында олар үздік нәтиже көрсетті. "Десанттық взвод" сайысында олар қытайлық әріптестерімен екінші орынды бөлісті.

Ойындардағы "Тактикалық ату" кезеңінде қазақстандықтар Ресей мен Қытайға есе жіберді. Қазақстандық әскерилер "Танк биатлонын" да осындай нәтижемен аяқтады.

Министрлік әскерилердің нәтижесіне оң баға берді. Қазақстандық әскерилдердің халықаралық әскери ойындардағы өнерін видеодан тамашалаңыз.

Жаңалықтар
0