Денсаулық сақтау министрлігі осы вакцинаны 12-17 жастағы балаларға салуды көздейді. Олардың жалпы саны 2 миллионға жуық.
Вакцина коронавирустың "дельта" штамынан барынша қорғаныш болады дейді мамандар.
Екпе тек ата-аналардың келісімімен ғана салынады.
Sputnik Қазақстан тілшілері осы мәселеге қатысты депутаттардың ойын біліп қайтты.