Видео

"Атом жарылысымен бірдей": сарапшы әскери қоймадағы төтенше жағдай туралы - видео

Жазылу
Әскери сарапшы және шолушы Виктор Литовкин Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылысқа адами фактор себеп деп есептейді

Сарапшы диверсия деген нұсқаны жоққа шығарды.

"Егер қоймалар жер астында болмаса, егер айналасындағы шөп шабылмаса, ағаштар оқ-дәрі қоймасынан қажетті қашықтықта орналаспаса, бір жерлерде шыны қалдықтары шашылып жатса – мұның барлығы оттың тұтануына әкеліп соғады. Және мұның барлығы адами фактор. От тұтанған соң оны өшіруге тырысады, алайда бір снаряд болсын жарылса оны сөндіру мүмкін емес. Өйткені оның жарықшақтары жүздеген метрге ұшады", - дейді ол.

Оның ойынша, өрттің шығуына негізінен салғырттық себеп болған

"Естуімше онда 500 тоннадан астам жарылғыш зат сақталған. Бұл 5 килотонна атом жарылысы сияқты. Әрине айналаға радиациялық қауіп төнген жоқ. Алайда жарылыс күші айтарлықтай екпінді болды", - дейді сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ аудандағы әскери оқ-дәрілер қоймасынан өрт шығып, оннан аса жарылыс болды. Жарылыстан жүзге жуық адам жарақат алып, 15 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0