Видео

Халық санағынан онлайн өту үшін не істеу керек – видео нұсқаулық

Жазылу
Бүгін Қазақстанның үшінші ұлттық халық санағы басталды. Бұл жолғы санақтың ерекшелігі оны өткізу кезінде цифрлық технологиялар кеңінен қолданылады

Санақ 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтеді. Сауалнамада 90-нан астам сұрақ бар.

Халық санағына қатысу үшін мойынға көк шарф ораған арнайы қызметкерлерді күтудің қажеті жоқ. Қазақстандықтар sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында виртуалды көмекшінің көмегімен өз бетінше санақтан өтіп, өзі және отбасы мүшелері үшін сауалнама парағын толтыра алады. Сайт 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 15 қазанына дейін тәулік бойы жұмыс істейді.

Сонымен қатар санақты отандық Aitu Messenger мобильді қосымшасы арқылы өткізу мүмкіндігі жоспарланып отыр.  

Санақтан онлайн режимінде өту үшін не істеу керектігін видеодан көріңіз.

Жаңалықтар
0