Видео

Калифорниядағы қала алапат өрттен кейін үйіндіге айналды

Жазылу
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Гринвилл қаласы орман өрті салдарынан бірнеше сағат ішінде жермен жексен болды. Мына қорқынышты видеоны куәгерлер түсіріп алған

150 жылдық тарихы бар Гринвилл қаласы жойқын өрт салдарынан толығымен жойылды.  

Куәгерлер Желіде жариялаған видеолар апат туралы фильмнің кадрларына ұқсайды: қаңырап бос қалған көшелер, жанып кеткен көліктер, күлге айналған ғимараттар мен үйлер.  

"Бұл "Дикси" өртінен кейінгі Гринвилл. Мына көрініс жүрегімізді ауыртты. Сөз жоқ", - дейді автор өз видеосының сипаттамасында.

Өрт салдарынан қала бір-екі сағаттың ішінде тып-типыл болған.

Қалада бір ғасырдан астам уақыт бұрын салынған тарихи ғимараттар болды. Олардың көпшілігі өртеніп кетті.

Орман өрті АҚШ-тың 13 штатына шарпыды. Мыңдаған адам эвакуацияланды. Адамдар аман қалу үшін баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды.

Ең ірі өрт Айдахо, Калифорния, Орегон, Вашингтон және Монтана штатында болды.

 

Жаңалықтар
0