Видео

Кабулдағы жарылыс: тәлібтердің басына қара бұлт үйірілді ме?

Жазылу
Кабул әуежайы маңында болған жарылыстан зардап шеккендер саны мыңнан асады. Оның 100-ден астамы көз жұмып, 1300-ден астамы түрлі жарақат алды

Қайтыс болғандар арасында шетелдіктер, оның ішінде америкалықтар да бар. Шабуылдар 26 тамызда кешке болды.

Кабул әуежайы арқылы қазір Талибандар* билікке келгеннен кейін елден кеткісі келген жергілікті тұрғындар мен шетелдіктерді эвакуациялау жүргізіліп жатыр.

Кабулдағы шабуылдардың артында кім тұр? Панджшереде тәлібтерге қарсы кім тұрады?

Видеодан тамашалаңыз.

*Талибан – Қазақстан, Ресей және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

 

Жаңалықтар
0