Видео

Жамбыл облысындағы төтенше жағдайдан бизнес қалай зардап шекті – видео

Жазылу
Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери қоймадағы жарылыстардан жол бойындағы сервис нысандары зардап шекті

Дәмханалар мен кешендер әскери бөлімнен небәрі 500 метр қашықта орналасқан.

Sputnik Қазақстан тілшілері сол маңда болып, жарылыс толқынынан зардап шеккен нысандардың қазіргі жай-күйін видеоға түсірді.

Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыс 26 тамыз кешке басталды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оннан астам жарылыс болған.

Қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталған, оның бір бөлігі Арыстан әкелінген екен. Қорғаныс министрі Арыстан жеткізілген оқ-дәрі қоймада сақталған оқ-дәрінің үштен бірін құрайтынын мәлімдеді. Алайда, Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, жарылысқа бұл оқ-дәрілер себеп болмаған.

Министр әскери бөлім аумағында өрт ошақтары толығымен сөндірілгенін атап өтті. Бірақ кейбір қоймалар әлі де бықсып жатыр.

Жаңалықтар
0