Видео

Каспий диалогының келешегі – бейнекөпір

Жазылу
Каспий теңізі күні, 12 тамызда Қазақстан, Ресей және Әзербайжан сарапшылары су қоймасының проблемаларын талқылады

"Каспий диалогының келешегі" деген тақырыпта өткен Мәскеу - Баку - Нұр -Сұлтан бейнекөпірінің қатысушылары Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Каспий маңындағы мемлекеттердің алдында тұрған сын-қатерлер мен қабылданған шешімдердің аймақтағы жағдайға қалай әсер ететіні туралы әңгімелесті.

Ресей астанасында тақырыпты "Север-Юг" саясаттану орталығының атқарушы директоры Анжелика Трапезникова, РҒА ӘЭХҚИ посткеңестік зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері, РХІК сарапшысы Станислав Притчин және "Валдай" пікірталас клубының сарапшысы Фархад Ибрагимов талқылады.

Бакуден пікірталасқа Әзербайжан дипломатиялық академиясының проректоры Фариз Исмаилзаде және Trend ақпарат агенттігі бас директорының орынбасары, BakuNetwork талдау орталығының жетекшісі Гүлнәр Мамедзаде қосылды.

Нұр-Сұлтанда бейнекөпірге Қазақстан парламенті сенаты төрағасының кеңесшісі, саясаттанушы Жанар Төлендинова қатысты.

Жыл сайын 12 тамызда Каспий күні аталып өтеді, ол 2006 жылы жарияланды.

Жаңалықтар
0