Видео

Нұр-Сұлтанда Абай бейнеленген алып пазл құрастырылды – видео

Жазылу
Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына бүгін 176 жыл толды. Классиктің туған күнінде елордада Абай бейнесі бар алып пазл құрастырылды. Ол қазақстандық оқушылар салған ақын портреттерінен құралған

Мозаикалы ерекше картина Семейдегі Абай Құнанбаев музейіне тарту етіледі. Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы ұйымдастырған шараға қатысты.

Абайдың айрықша портреті қазақстандық оқушылар салған 200 суреттен құрастырылды.

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин де ақынға құрмет танытып, ескерткішке гүл қойды. Ол Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде де Абай Құнанбаевты жоғары бағалайтынын жеткізді.

"Абай мұрасы – білімге ұмтылу, адал болу, адамгершіліктен танбау, ар-ұятты жоғары ұстаудың қағидасы болып отыр. Әлі күнге дейін қазақтар, қазақстандықтар, тіпті басқа халық та оның шығармашылығынан нәр алып, моральдік және өнегелік қағидаларын негіз етуде. Абай шығармашылығында, мұрасында қазақ пен орыс бауырлас халық екені, соны сақтау әрі нығайту керектігі туралы айтылғанын атап өткім келеді", - деді дипломат.

Елордалық студенттер Абай портреті бар пазлды құрастырудан бөлек ақын өлеңдерін жатқа оқыды.

Былтыр Қазақстанда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы ауқымды түрде аталып өтті. Мерейтой құрметіне ақынның Жидебайдағы музей-үйіне, сондай-ақ Абай мен оның жиені Шәкірім Құдайбердіұлы жерленген мемориалды кешенде реконструкция жүргізілді.

Жаңалықтар
0