Видео

Күш – бірлікте: Көрермендердің бірі музыкантты тығырықтан шығарды

Жазылу
Швейцариялық музыкант Cee-Roo "әлем музыкасын", атап айтқанда, бүкіл әлемнен жиналған видеоүзінділердің миксін жасап жүр. Музыкант мұның бәрін Еуропадағы кинотеатрлардың экрандарынан көрсетіп келеді

Оның "2020 жылды еске алу" атты бейнебаяны Фрибургтегі отыз бесінші Халықаралық кинофестивалдің (Fribourg International Film Festival, FIFF) мерейтойлық ашылуында үлкен экраннан көрсетілді. Алайда бәрі ойдағыдай болмады.

Клиптің ортасында видео көрсетпей қалды. Осы кезде әйелдің дауысы естілді. Көрермендердің бірі музыкантты қолдау үшін орнынан тұрып ән айта бастады. Ал Cee-Roo қызды сахнаға шақырып, микрофон ұсынды. "Содан біз бірге импровизация жасадық" дейді әртіс.

Бұл бір сиқырға толы сәт болды, деп ағынан жарылды музыкант. Табиғи дауыс алдын ала жазылған фрагменттермен толықтырылған кезде, 2020 жылы бүкіл адамзатты тығырыққа тіреген коронавирус пен апаттар туралы естеліктердің бұрынғыдан да маңызы арта түсті.  Ал жалпы музыкалық импровизация көрермендерге күш біріктіру барлық қиыншылықты жеңуге көмектесетінін еске салды.  

Жаңалықтар
0