Видео

Астана тұрғыны Тоқаев бейнеленген тату жасатты - видео

Жазылу
Астаналық Асан желіде татуировкасы арқылы танымал болды. Оның денесінде бейнеленген кезекті туынды – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың портреті.

Асанның айтуынша, оның татуировкасы шетелдіктерге жерді сату мен жалға беруге тыйым салған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті нығайтқан және дауыс беру бюллетеніндегі "барлығына қарсымын" графасын қайтарған мемлекет басшысына деген құрмет белгісі.

Ол өзінің осы патриоттық әрекеті арқылы жас қазақстандықтардың "Болашақ архитекторы" атты агрохолдингті дамыту бойынша бастамасына президент назарын аударғысы келген. Асан желідегі жағымсыз пікірлерге қатысты қынжылыс танытты. Себебі адамдар осы әрекеті арқылы жеке басының мүддесін ойлады деп айыптаған. Алайда бұл әрекеттің астарында еш арам ниет жоқ, дейді ол.

Тоқаевтың портреті Асанның денесіндегі алғашқы "саяси" тату емес. Өткен жылы астаналық жігіттің денесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі пайда болған.

Асан алғашқы татуировканы 18 жасында салғызған. Содан бері денесін түрі суреттермен сәндеп келеді.

Жаңалықтар
0