Видео

Подкаст жасау және оларды тиімді ілгері жылжыту құралдары – SputnikPro

Жазылу
Нұр-Сұлтанда Sputnik Қазақстан студиясында SputnikPro ағартушылық жобасы аясында тағы бір шеберлік сағаты өтіп жатыр. Тікелей эфирді көріңіз

Бұл жолы шеберлік сағаты барысында спикерлер қатысушыларға подкасты қалай жасау керектігін және оларды тиімді құралдарды қолдана отырып ілгеру жылжыту жайлы айтады.

Атап айтқанда, аудитория алдында "Россия сегодня" ХАА Жаңа медиа дирекциясы инновациялық журналистика орталығының жетекшісі Иван ГРОМОВ сөз сөйлейді.

Шеберлік сағатына қатысушылар арасында қазақстандық БАҚ өкілдері, PR қызметтері, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері бар.

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосының журналистерге, бейіндік ЖОО студенттеріне, баспасөз қызметі мамандары мен медиаменеджерлерге арналған және шетелдік әріптестермен кәсіби байланысты дамыту және тәжірибе алмасуға бағытталған жобасы. Жоба модулінің жетекшілері қатарында Sputnik медиаменеджерлері мен басқа да танымал ресейлік сарапшылар бар.

Сессия барысында журналистика мамандығының түрлі аспектілері, соның ішінде мультимедиялық контент әзірлеу, әлеуметтік желідегі жұмыс, жаңалықтар ресурсына трафик тарту сынды келелі мәселер талқыланады. 2018 жылдың наурызынан бастап SputnikPro мастер класына 80 елден 5 мыңнан астам тыңдарман қатысты. 

Жаңалықтар
0