Видео

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 10 мыңнан астам ағаш отырғызылды – видео

Жазылу
Sputnik Қазақстан тілшілері елордадан 40 шақырым қашықтықта орналасқан ағаш өсіретін орталықта болып қайтты. Жүздеген гектар алқаптарға шырша, емен, жөке ағашы отырғызылған. Олардың тамыры бекіп, өскеннен кейін астананың алаңдары мен саябақтарына апарылады

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда "Астана-Зеленстрой" ЖШС-де өсірілген 10 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Жыл сайын осы жерден 20-25 мың дана түп ағашы алынады. Орталық 1965 жылы құрылған, оның ауданы 300 гектардан асады.

"Ағаштарды қалаға апарар алдында тамыр жүйесін дайындау қажет. Барлық ағашты өзіміз өсіреміз, орталықта 50-ден астам ағаш түрі бар. Оның ішінде жөке ағашы, емен, шырша, қарағай кездеседі. Біз кез-келген ағашты негізсіз алмаймыз, Шучинск ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институты, ауылшаруашылық институты мамандарымен ақылдасамыз. Ботаникалық саябақпен бірлесе жұмыс істейміз», - деді Sputnik Қазақстанға "Астана-Зеленстройдың" бас агрономы Ерназар Серікбаев.

Ол суарудың жиілігі ауа-райы жағдайына байланысты екенін атап өтті. Бір ағашқа 200-ден 250-300 литрге дейін су кетуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ағашты заңсыз кескендер миллиондаған айыппұл төлейді

Жыл соңына дейін қалада 30 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған.

Жаңалықтар
0