Видео

LRT құрылысы жалғасып жатыр – видео

Жазылу
Нұр-Сұлтанда LRT құрылыс алаңында мердігерлер кейбір дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр

City Transportation Systems (CTS) компаниясының мәліметінше, мердігер ұйым – қытайлық CRAEG консорциумы құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріскен.

"Олар жүргізетін құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесі пандемияға байланысты түзетілген болатын", - деп хабарлады CTS баспасөз қызметі.

Жұмысшылар Қазақстанда карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты тоқтатылған дайындық жұмыстарын аяқтап жатқаны белгілі болды.

"Бұған дейін қызметкерлер карантинге байланысты елге кіре алмады. Енді олар қайтып келіп, келісімшарт бойынша атқаруға тиіс жұмысты аяқтап жатыр", - деп түсіндірді CTS.

Жаңалықтар
0