Видео

"Тамақ алуға ақшамыз болмады": Сириядан оралған қыздың әңгімесі – видео

Жазылу
11 жастағы қазақстандық Зухра Сирияда бес жылын өткізді. Төрт жасында ол Қазақстаннан анасымен бірге кетіп, 2019 жылы "Жусан" арнайы операциясы кезінде елге оралды  

Зухра көргендері мен бастан кешкен оқиғаларының көбісін ұмытқан, алайда ешқашан ұмытылмайтын нәрселер де бар.

Sputnik Қазақстан тілшілері онымен әңгімелесіп, үйден мыңдаған шақырым қашықтықта жүріп нені армандағанын және қазір Қазақстанда қалай өмір сүріп жатқанын білді.

Зухраның анасы – Зарина 2014 жылы Қазақстаннан кетуге шешім қабылдаған. Басқа елде жаңа өмір бастауды жөн көріпті. Алайда Сирияда болған бес жылдың ішінде небір сұмдықты бастан өткерген. Зарина кіші ұлын бұрынғы күйеуіне қалдырып, төрт жасар қызымен бірге өзіне белгісіз елге кетіп қалған.

Қазір Зухра 11 жаста, бақытына орай, оның бастан кешкендерінің көбісі есінде жоқ. Алайда тамақ пен баспананың болмауы салдарынан бойын билеген қорқыныш әлі күнге дейін маза бермейді.

Далада тұрған күндеріміз болды

Оқушы қыз ойыншықтар, дәмді тағамдар бар жылы үйде ұйқыдан оянуда армандаған. Қыз көп уақытын жасырынып, тамақ іздеуге кеткен анасын күтумен өткізген.

"Анам далаға шығып кетті, кейбіреулердің тамағы болды, бірақ өте қымбат еді. Тамақ қымбатқа сатылды, сондықтан анам сатып алмады, өйткені бізде ақша болмады. Дүкеннен бір нәрсе сатып алу қиын, әрқашан ұзын-сонар кезек болатын", - деді Зухра Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.

Жаңалықтар
0