Видео

Үш жасар пианиношы әлем сахнасында өнер көрсете бастады – видео

Жазылу
Кішкентай Бриджит Се пандемия кезінде фортепианода ойнауды үйреніп, халықаралық байқауда жеңіске жетті, енді үлкен сахнадағы концертке дайындалып жатыр

Үш жасар талантты әртістің ата-анасы карантин кезінде баланы немен алдандыратынын білмегендерін айтады. Осылайша олар Бриджитке музыкалық аспапта ойнауды үйрете бастаған.

Тәжірибелі оқытушы Фелисия Чжан жас музыкантқа көмектесіп жүр, ол аяғы әлі аспап басқышына жетпейтін шәкірті туралы шаттана әңгімелейді.   

"Шынында да өте көп шығарманы орындай алатын және үлкен сахнадан қорықпайтын мұншалық жас баланы табу өте сирек кездесетін жағдай", - деді ол.

Осы көктемде Бриджит American Protege халықаралық музыкалық таланттар байқауында бірінші орынға ие болды, ал қараша айында балақай Карнеги-холлдағы концертте өнер көрсетеді.

Жаңалықтар
0