Видео

Путин мен Байденнің Женевадағы келіссөзі қалай өтіп жатыр – тікелей эфир

Жазылу
Женевада Ресей-Америка келіссөздері басталады. Ресей мен АҚШ президенті Владимир Путин мен Джо Байденнің кездесуі Ла Гранж вилласында өтіп жатыр. Толығырақ тікелей эфирден көре аласыздар

16 маусымда Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байденнің кездесуі өтеді.

Екі елдің басшысы Ресей-Америка қатынастарының жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларын, стратегиялық тұрақтылық мәселесін, сондай-ақ күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды деп жоспарланған.

Айта кетейік, Ресей басшысы Владимир Путин мен оның америкалық әріптесі Джо Байденнің  алғашқы кездесуі 2011 жылы 10 наурызда Мәскеуде өтті.

Ол кезде Путин Ресейдің премьер-министрі болды, ал Байден Барак Обаманың әкімшілігінде АҚШ вице-президенті болды.

Екі ел басшысының кездесуі қалай өтіп жатқанын тікелей эфирде көріңіз.

Жаңалықтар
0