16:53 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82

Нұр-Сұлтанда серуендеуге арналған жаңа, ыңғайлы көше - Demalys Promenade ашылды

Мерекелік безендірілген көше бойындағы жарқыраған шамдар, үйлердің қасбетіндегі түрлі-түсті граффити, шахмат және ұлттық ойындарға арналған орындар, фото аймақтар, ерекше инсталляциялар, бар-үстелдер астаналықтар мен қала қонақтары үшін арнайы жабдықталған.

Елорда әкімдігінде хабарланғандай, "Demalys Promenade" жаяу жүргіншілер көшесі – Кенесары мен Абай көшелерінің арасында орналасқан Әзірбайжан Мәмбетов көшесінің бойында сән түзеді.

Оқи отырыңыз: Нұрғиса Тілендиев тұрған пәтер мемориалды музейге айналды – видео

Жоба "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" бас жоспары аясында жүзеге асты. Жаз бойы демалыс күндері Demalys Promenade аумағында шығармашылық топтардың, концерттік ұйымдардың және Нұр-Сұлтан театрларының қойылымдары өтеді.

Demalys Promenade-та серуендеуге арналған аймақ кіреберістен басталады, сол жерде түрлі қойылымдарға арналған сахна орналастырылатын болады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер көшесінің бойына сауда-көрме алаңы да қойылады . Суретшілер бұрышы қарастырылған.

"Мұнда кешкі серуенге ыңғайлы болу үшін жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Кейбір үйлердің қасбеттері граффитимен, сондай-ақ граффити-фестивальдеріне арналған құрылымдармен безендіріледі", - делінген әкімдіктің ресми сайтында.

"Демалысқа арналған көшені" видеодан тамашалаңыз.

Кілт сөздер:
көше, демалыс күндері, демалыс орындары, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып