05:58 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Видео

Димаштың Golden бейнебаяны қалай түсірілді – видео

Қысқа сілтеме алу
52 0 0

Желіде әншінің жанкүйерлері миллионнан астам рет көрген бейнебаянның қалай түсірілгені туралы видео жарияланды

Әншінің ресми каналының хабарлауынша, Golden әніне түсірілген бейнебаянның премьерасы 2021 жылы 31 қаңтарда TIXR стримингтік платформасында өтті.

Димаш үшін жаңа форматтағы клип бүкіл әлемдегі мыңдаған жанкүйердің назарын аударды. Режиссерлер, операторлар, суретшілер, актерлар мен каскадерлер пандемия кезінде қолға алынған жобадан қандай әсер алғанын айтып берді.

Роликті New York Film Academy-да білім алған, қазақстандық және ресейлік жобаларда тәжірибе жинақтаған режиссер Олжас Баялбаев түсірді.

Картинаға белгілі қазақстандық қоюшы оператор, бұрын Димашпен "Qairan Elim" клипінде бірге жұмыс істеген Азамат Дулатов жауапты болды. Әлібек Әбдіхалық сюжетке сценарий жазды.

Әншінің өзі командаға шын жүректен алғыс білдірді.  

Загрузка...

Басты тақырып