Видео

Қытайда мысық модельге айналды – видео

Жазылу
Қытайда Мао-Мао деп аталатын мысық автосалондарда тірі модель ретінде "жұмысқа орналасты". Ол әр промоушен үшін 600 доллардан 1 500 долларға дейін ақы алады

Ақ түсті ұлпа жүні үлпілдеген жануардың жеке визажисті мен сахналық гардеробы да бар. Сонымен қатар, ол фотосессия кезінде кәсіби түрде суретке түседі.

Автосалон иелері ел автомобильдерді жарнамалайтын әдеттегі әдістерден жалыққанын айтады. Сүйкімді жүзі мен үлпілдеген құйрығы бар төрт аяқты сұлулық көпшіліктің көңілінен шығып-ақ жатыр. Ол клиенттердің назарын аудара отырып, иесін қомақты табысқа кенелтуде.

Оқи отырыңыз: Айдын Қожахмет отандық футболдың жағдайы туралы пікір білдірді – видео

Түсі мен қимыл-қозғалысы үйлескен Мао-Мао автокөліктің капоты мен интерьерін одан сайын аша түсіп, көрермендердің сүйспеншілігіне бөленуде.

Жаңалықтар
0