Видео

Айдын Қожахмет отандық футболдың жағдайы туралы пікір білдірді – видео

Жазылу
"Астана" футбол клубында не болып жатыр? "Қайраттың" бапкері кім болады? Осы және басқа жаңалықтарды Sputnik Қазақстанның жаңа видеоподкастынан тамашалаңыз

Sputnik Қазақстанның спорт шолушысы Артур Шишига мен танымал спорт журналисі және инсайдер Айдын Қожахмет қазақстандық футболдағы соңғы жаңалықтар мен оқиғаларды талқылады.

Тілшіміздің сұрақтарына жауап берген Айдын Қожахмет "Астанадағы" Давид Лорияның рөлі және оның клубтағы еңбегі, ұлттық құраманың тоқырауы мен Қазақстан чемпионатындағы төрелік туралы айтты.

Сонымен қатар Айдын Қожахмет "Астана" және "Қайрат" футбол клубтарындағы кадрлық өзгертулер туралы, атап айтқанда Алексей Шпилевскийдің кетуі жайында баяндады.

Оқи отырыңыз: Еуро-2021: ойын кестесі

Ол сондай-ақ қазақстандық футбол деңгейі неліктен төмендеп бара жатқаны және төрешілік сапасын қалай көтеруге болатындығы туралы пікірімен бөлісті.

"Қайраттың" бапкері кім болады? Құрбан Бердыевтің клубтағы рөлі қандай? Қазақстан құрамасындағы және жалпы елдегі футболдың жағдайы қандай?

Осы және өзге де сұрақтардың жауабын Айдын Қожахметтің Sputnik Қазақстанға берген сұхбатынан тамашалаңыз.

Жаңалықтар
0