Видео

Ямалда мұнайшылар мұздықта қалып қойған итті құтқарды - видео

Жазылу
Құтқарушылар оны тапқанға дейін үй жануары полярлы Ямал түбегіндегі мұзда бір аптадан астам уақыт болған

Ямал түбегіндегі Каменный ауылының жанындағы Обская губа шығанағында орналасқан үйінен қашып кеткен бір жастағы Айка есімді иті үйіне оралды.

Итті "Газпром нефть" компаниясының "Александр Санников" мұзжарғышының экипаж мүшелері құтқарды. Мұнайшылар мұз үстінде жүгіріп жүрген итті байқап қалған.

Мұзжарғыш жерге жақындап, баспалдақты түсірген уақытта Айка бортқа өзі көтерілді. Құтқарушылар жергілікті еріктілермен телефон арқылы байланысып, иттің иесі Светлана Черешневаны тапты.

Оқи отырыңыз: Ыстықкөлде қорықшы суыр аңдыған қоңыр аюды видеоға түсіріп алды

Бұл уақытта Светлана Айканың табылатынан үмітін үзген еді.

Ит үйіне аман-есен оралды.

Жаңалықтар
0